Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары

Сабақтың міндеттері:
• Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
• Дене сапаларын дамыту арқылы денсаулықты жақсарту;
• Оқушыларды тәртіпке, ұжымдыққа тәрбиелеу.

Кіріспе - дайындық бөлімі – 12 минут
Сапқа тұрғызу
Рапорт беру
Оқушылармен амандасу
Оқушылардың дайындықтарын тексеру
Сабақтың міндеттерін жеткізу

Саптағы жаттығулар:
• оңға, солға, кері бұрылу;
• оңға, солға, кері секіріп бұрылу;
• бір қатардан екі қатар құру;
• бір колонадан екі колонна құру;

Жүру түрлері:
• қол белде аяқтың ұшымен;
• қол иықта өкшемен;
• аяқтың сырт жағымен;
• аяқтың ішкі жағымен;
• арт жағына жүру;
• тіркеме аддымен;
• жүрелеп жүру;

Жүгіру түрлері:
• жеңіл жүгіру;
• тіркеме аддымен;
• артымен жүгіру;
• екпіндеп жүгіру;
• әр қадамға секіріп жүгіру;

Жалпы дамыту жаттығулары:
І. Б. қ.- негізгі тұрыс
1 - қолдарды жоғары көтеріп, оң аяқты артқа қою
2 - б. қ.
3 - қолдарды жоғары көтеру, сол аяқты артқа қою
4 - б. қ.
ІІ. Б. қ.- қол белде:
• оңға еңкею
• б. қ.
• солға еңкею
• б. қ.
ІІІ. Б. қ.- қолдар иықта, аяқтың арасы иық деңгейінде ашылған.
• қолдарды жазып денені солға бұру;
• б. қ.
• қолдарды жазып денені оңға бұру;
• б. қ.
IV. Б. қ. – Аяқтың арасын ашып тұру, қол белде:
• оң қол жоғарыда, денені солға еңкейту
• б. қ.
• сол қол жоғарыда, оңға еңкею
• б. қ.

Негізгі бөлім – 30 минут
Баскетбол
1) Допты алып жүру техникасын үйрету:
- Допты алып жүрудің техникасын суреттеу;
- Түсіндіру;
- Допты алып жүру техникасын көрсету;

Дайындық жаттығуларын қолдану
• допты орында тұрып оң қолмен еденге соғып қағып алу;
• допты сол қолмен еденге соғып қағып алу;
• допты жоғары тұрыста алып жүру
• допты ортаншы тұрыста алып жүру
• допты төменгі тұрыста алып жүру
• допты екі қолмен алма - кезек алып жүру
• допты артымен жүріп алып жүру
• допты кедергілердің арасынан алып жүру
• допты алып жүгіру эстафетасы.
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама