Электр кабельдері, сымдар және баусымдар (шнуры)
Сабақтың тақырыбы: Электр кабельдері, сымдар және баусымдар (шнуры)
Мамандығы. «Таратушы құрылғылары бойынша электр құрастырушы» 1 курс
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі - Сымдардың, кабельдердің қималары, маркілері, бұйымдардың сипаттамалары, түрлері туралы түсінік беру. Сымдармен кабельдердің ток өткізгіш бұйымдардың электротехникалық маңызын меңгерту. ә) Дамытушылық – Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны ізденімпаздыққа
ынталандырып, мамандыққа дұрыс бағдар беру. б) Тәрбиелік – Студенттердің еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, үнемділікке баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтаны пайдалана отырып сымдар мен кабельдердің түрлерін, құрылысын қолданылуын түсіндіру, сұрақ - жауап, есеп шығару. ойын әдісін қолдану
Пәнаралық байланыс: Электртехника, Физика. Материалтану
Көрнекі құралдар:. Слайдтар. мультимедиа. плакаттар. оқулықтар. сымдар
Пайдаланған әдебиеттер: _Ж. Жәнібеков. Электрмонтер. 27 бет
Техникалық құралдар: мультимедиялық проектор, ноутбук.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттердің сабаққа қатысын түгендеу және оқу құралдарын тексеру;
2. Жаңа сабаққа оқушылардың зейінін қою. Сабақ мақсатын жариялау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Электр қондырғыларының шартты белгілері сәйкестендіру тесті.
2. «Жұбын тап» Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбы: Электр кабельдері, сымдар, және электр баусымдар (шнуры)
Сабақ жоспары:
1. Монтажды сымдар мен кабельдер туралы түсінік. (презентация)
2. Монтажды сымдар мен кабельдердің маркілері, (презентация, бейнеролик)
3. Сымдардың қимасын есептеу
1. Монтажды сымдар мен кабельдер туралы түсінік
Монтажды сымдар мен кабельдер электрлік аппараттарда және басқа электротехникалық қондырғыларда түрлі қосындыларды жасауға арналған. Монтажды сымдардың және кабелдердің тоқөткізгіш желілерін өткізгіш мыстан жасайды. Олар 1 сымды және көпсымды болуы мүмкін.
Монтажды сымдардың желілерінің қимасы 0. 05 - 2. 5 мм 2, кабельдікі - 0. 35 - 2. 5мм2. Желілер саны 1 - ден 52 - ге дейін. Жоғары қыздыруға төзімді (200 - 220%) монтажды сымдарда никельденген мыс желілерін қолданады.
Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік – сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір немесе бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш.
Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабельдің құрылымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада т. б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады.
Кабель түрлері;
Күштік кабельдер
Бақылау кабельдері - басқару, бақылау және автоматтандырылған тізбектер үшін арналған.
Жылжымалы объектілерді басқару тізбектерінде көп сымды, аса иілгіш немесе иілгіш мыс талсымдар қолданылады.
Арнайы кабельдер жару жұмыстарына арналған кабельдер және тағы басқалар болып бөлінеді. Бұл кабельдерді геологиялық, геодезиялық жұмыстарда пайдаланады.
Байланыс кабельдері қолдану аймағына қарай магистральды, облыс ішілік, қалааралық және су ішілік деп бөлінеді.
Ақпарат кабельдері - антенна, телефон, компьютер кабельдері жатады.
Жарықты – диодты кабельдер - күштік кабельдің өте қызықты түрі. Мөлдір ашық қаппен қапталған оқшауламасы бар ТПЖ - ның бойымен әр түрлі жарықты - диод қосымша сымдар тізбектеп жалғанған бұл кабельдермен тек қана декоративті түрлі - түсті суреттер, картиналар салуға болады әр түрлі механизмдерде және сахналық аппаратураларды қосқанда қолданылады.
Күштік кабельдер үлкен өндірістерде қолданылады
Брондалған күштік кабель
1 - Тоқ өткізгіш талсым
2 - Талсымдардың
оқшауламасы
3 - Белдеулік оқшаулама
4 - Мырыштық қабат
5 - Қорғаныстық жабын
Жеке мырышталған домалақ талсымдары бар күштік
кабель
1 - Тоқ өткізгіш талсым
2 - Жартылай өткізетін
қағаздан жасалған экран
3 - Қағаз - майлы оқшаулама
4 - Жартылай өткізетін
қағаздан жасалған экран
5 - Мырыштық қабат
6 - Сіңдірілген кабельдік
жіптермен толықтыру.
7 - Сымды брон
8 - Қорғаныс қабаты
1. Тақырыпшаны бекіту
1. Кабельге анықтама
2. Кабельдің түрлері
2. Монтажды сымдар мен кабельдердің маркілері
Көптеген кабельдер мен сымдардың оқшауламалық қабы сыртқы механикалық әсерден мақта мата өріммен қорғалған болады. Сымдардың салаларының және оқшауламамалық қабының материалына қарай маркілейді. Маркіні әріппен жазады: АПН, ПРТО, ПГВ. Әріптер мынаны білдіреді:
А – алюминий сала(егер бұл әріп жоқ болса, онда мыс салалы болғаны); Р – резеңке оқшауламалы;
В – полихлорвинил оқшауламалы, Н – наирит оқшауламалы, П – сым, ПП – жалпақ сым,
О – өзара оқшауланған сымдардың ортақ бір қабы бар; Т – труба ішімен жүргізуге арналған сым; Г – иілгіш сым; Д – қос сым, Ш - баусым
ВВГ - күштік кабель ТПЖ және ПВХ оқшауламасымен қапталған, Салалары мыс материалынан жасалған, сыртқы қорғанысы жоқ. Жиілігі 50 Гц, 600 - 1000 В кернеудегі электр тогын тарату және
жіберу үшін арналған күштік кабель. 1 - ден 5 - ке дейінгі салалардан тұрады, Қимасының диаметрі 1, 5 тен 240 мм2 дейін.
АВВГ — күштік кабель ТПЖ және ПВХ оқшауламасымен қапталған, салалары алюминий материалынан жасалған, сыртқы қорғанысы жоқ. Жиілігі 50 Гц, 600 - 1000 В кернеудегі электр тогын тарату және қолдану үшін арналған күштік кабель. 1 - ден 5 - ке дейінгі салалардан тұрады.
Қимасының диаметрі 1, 5 тен 240 мм2 дейін.
ВББШВ — мыс салалы брондалған күштік кабель. Кабельдің саласы бір сымды немесе көп сымды
болып келеді. 1 - ден 5 - ке дейінгі саладан тұрады. Қимасы 1, 5 мм2 – 240 мм2. ТПЖ - оқшауламасы бар,
сыртқы қабы бар, оқшауламамен кембриктің араларында ПВХ қолданылады. Содан кейін екі лентамен брондайды.
ПП – Жалпақ сым, саласы бір сымды мыстан жасалған. Оқшауламасы ПВХ - дан және сыртқы қабығы да ПВХ - дан жасалған. Салаларының саны 2 немесе 3, қимасының размері 1, 5 тен 6 мм2 дейін. Стационарлық жарықтағыш жүйелерде, сонымен қатар жарықтандыруда, розеткаларды монтаждауда қолданылды. Номинальдық кернеуі 250 В, жиілігі 50 Гц. - 15 тен +50 С дейінгі аралықта қолданылады.
Майысу радиусы 10 дециметрден аспау керек.
2. тақырыпшаны бекіту
Кабель маркаларын ажырата білу.
3. Сымдардың қимасын есептеу
Қауіпсіздікті сақтау үшін біздер кабельдің немесе сымның жүктемеге сәйкес келуі үшін
сымның қимасын анықтауымыз керек. Ол үшін сымның немесе кабельдің сыртқы қабығын
ашып, егер сым бір салалы болса, онда диаметрін мына формуламен өлшейміз:
S = П *d2 / 4 немесе S= 0. 8* d2 мұнда
S = сымның қимасының ауданы, мм2
П = 3. 14
d = сымның диаметрі, мм2
Осы формула бойынша есеп шығару: сымның диаметрі d=1. 5, онда сымның қимасы нешеге тең:
S=0, 8 * d2 = 0, 8 * 1, 5 * 1, 5 = 1, 8 мм2
Егер сым көп салалары болса, онда сымның бөлек - бөлек ағытып, ішіндегі салаларын
санаймыз да, ішіндегі саланың қимасының ауданы s, содан кейін барлық сымның
қимасының ауданын S - ты анықтаймыз. Барлық сымның саласының аудандарының қосындысын қосып, сымның қимасын табуға болады.
3 тақырыпшаны бекіту.
Есеп: бір сымның ішінде 37 саласы болса, онда бір саласының қимасының диаметрі
d = 0, 3 мм болады. Сымның бір саласының ауданы мынаған тең:
Шешуі: s = 0. 8 * d2 =0. 8 * 0. 3 * 0. 3 = 0. 072 мм 2
Сымның барлық салаларының қимасының ауданы мынаған тең:
S = 37 * s = 37 * 0. 072 = 2. 66 мм 2
V. Үй тапсырмасы:
_____ Интернеттен мақалалар жинап әкелу. Ж. Жәнібеков. Электрмонтер. 27 бет
VI. Оқушыларды бағалау.
Атырау Индустриалды колледжі
Арнайы пән мұғалімі Дауылбаева Алтынай Орынғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.