Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Абайдан қалған талқан

Абайдың 150 жылдығын Дүниежүзілік көлемде атап өтіп жатқан күндері, бір ғажайып түс көрдім:

...Абайдың үйі екен деймін, көргенім, біріне бірі қарама қарсы екі бөлмесі бар. Біреуі — үлкен, сол бөлмеде кең дастархан жайылып, қонақ қамы жасалуда. Абайдың бүкіл ұрпағы осында бас қосып, бір дастарханнан дәм татпақ сияқты. Біреуі дастархан басында отыр. Малдасын құрып, басын сәл ғана төмен ұстап, дастарханға қарап отырған сияқты. Үстіндегі киімдері қазақы, Абайдың заманыңдағыдай, жағасы тік тігілген.

Осы бөлмеден Абайдың анасы — Ұлжанды кезіктірдім. Ол кісі мені танымайтын сияқты. Мен жанына барып:

— Апа, сіз мені танымайсыз. Бірақ мен де сіздің бір балаңызбын, — деп, құшақтаймын, ол кісі де үнсіз құшағына алып жатыр екен деймін.

Осыдан кейін қарсы бөлмеге кіремін, төр алдында көнелеу бір қатар сандықтар жиналыпты. Неге екенін білмеймін, осы бөлмеден бұрынырақ қайтыс болып кеткен нағашы абысыным Қалиманы көрдім. Ол әлгі сандықтарды ақтарып, біреуінен бір шағын түйіншек тауып, маған әкеліп беріп:

— Мынау Абайдан қалған бір уыс талқан екен, сен ал, — дейді.

...Қазір ойлап қарасам, көзім жетіп тұрмаса да, жаратушы бір Алланың бар екеніне сеніп те қалатын секілдімін. Аруаққа ешқашан күмән келтіріп көрмесем де, Алланың бар екенін қалай білемін деп, дал болатынмын. Иә, Алла да бар сияқты. Ол шынымен көңілі қалап, ұйғарым жасаса, берері де көп екен, қалай берудің жолын да табады екен. Соңғы жылдары менің соған көзім жеткендей.

Абайдан қалған бір уыс талқан талай жерден алып шығып келеді, әлі де солай болатын шығар деп сенемін...


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама