- 06 қар. 2019 00:00
- 241
Абайға арнау
Ұлы ақын Абайға
Шешендік те,ақындық та,дарыған ғой Абайға.
Абайдай сөз таба алатын
Адам бар ма алайда?
Өлең жазу кез келгенге қона берер бақ емес,
Бірақ сол бақ қонған екен
Жас кезінен Абайға.
Құнанбай да,Абай да
Мықты сондай дат болған.
Өлеңдерін тыңдағанда шат болам.
Одан бөлек Абайда
Тазалық бар.
Жамандықтан Абай ата сақтанған.
Абай – көсем,
Абай –шешен адам ғой.
Ақындықтан қолға қалам алған ғой.
Абай- бүркіт,
Күн астында самғаған,
Абай – батыл.Абай – алтын адам ғой!
Ел басқарды,
Болыс та боп,би де боп.
Халыққа – басшы,
Ортаға үлгі,өнеге ап.
Ұлы мақсат жолындағы істері,
Жадымызда қала бермек мәңгілік!
Ақмұрзаев Ғалым
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы
Түпқараған ауданы
Маңғыстау облысы