Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Иттің баласы...

Ақтоғай өңірінде Боздақтың Әубәкірі деген ақсақал жүзге қараған шағында қайтыс болған. Бұл кісі ел аузындағы ертегі, қисса, аңыздарды  білумен қатар, өз жанынан да бірер ауыз қағытпа сөздер шығаруға шебер болған.

Соғыс жылдары Әубәкір жасы ұлғайған соң соғысқа бармай, мал баққан. Сол кездерде жиналыстар, митингілер көп өтетін болса керек. Бірде  ауданнан Итбалин және Күшікбаев деген өкілдер келіп, дереу митинг ашатын болып, колхозшыларды жинауға бұйрық беріпті. Митингіге Әубәкір ақсақал бірінші келіп, алдыңғы орынға жайғасыпты. Ал Бәкір митингіге кешігіп келіпті де, Әукеңнің жанына тізерлеп отыра кетіпті:

— Әуке, мыналар кімдер? — деп сұраған екен.

Сонда Әукең:

— Әй, Бәкір-ай, мұның бірі иттің баласы, екіншісі күшіктің баласы, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама