Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Абылай және орыс елшілері (І нұсқа)

Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен, ұлығы:

— Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады? — дегенде:

— Қазақ рәсімінде «жетім» болады, — деген соң, Қойлыбайға бір қыз сый қылған екен және ит терісіне жазып, алтындаған уағданама берген екен.

Сол қыздан екі бала туып, Малтабар, Қосжетер деген осы күнде өсіп-өніп, өз алдына ауыл болыпты. Терісаққан бойында, Тасбекеттен төменірек Тәки қажының ауылдары.

Сол Қойлыбайдан — Тілеуқабыл. Тілеуқабылдан: Әділ, Еділ, Елемес, Жаманқара, Шешенқара. Бұлардың қыздары «қуыршақ ұзатқанына» ту бие сойып, той қылған екен. Боз биені бірыңғай саудырып:

— Етіміз ақ болсын, — деп сүтіне шомылған екен. Сондай кесірден сол дәулеттің аяғы мыж-тыж болып, сол қыздар кемпір болған күнінде керіс тірей сұрап жүргенде, жақсылықтағы ырыс-дәулетке кесір жұмыс қылғанын естіп, білгендер:

— Саған не қылса, обал жоқ! — деп, таяқпен түртіп кететұғын болыпты.

Бұланбайдың бәйбіше қатынының балалары Байзақ, Жанұзаққа ұзатылып еді дейді.

Әкем аты — Шағырай, атым — Балдай,
Бұланбайдың жылқысы қара жар[дай],
Шиқұтыны бойымда дамбалым бар,
Әлің келсе, тістеп шеш, Қарақалтай! —

дейтұғын Бұланбай Қалқаманнан шыққан, дүниенің ақыры — осылай.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама