Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 47 минут бұрын)
Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқардың жағдайы алаңдаулы

Танымал әнші Бүркіттің сіңлісі, актриса Әсел Асқардың денсаулығына қатысты жаңалық жұртшылықты алаңдатты. Актриса өзінің Instagram парақшасында ауруханада жатқан сәтінен видео жариялап, көпшіліктің көңілін күпті етті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео астына «Барлығы артта қалды» деп жазған Әсел Асқардың бұл жазбасы көптеген сұрақтар тудырды. Өнердегі әріптестері мен жанкүйерлері актрисаға не болғанын білмей, уайымдап қалды. Желідегі пікірлерде «Не болып қалды, Әсел?», «Тыныштық па өзі?», «Тезірек сауығып кет!» деген тілектер жазылған. Жазба астында екі мыңға жуық пікір жиналып үлгерді.

Жаңалықтар

Жарнама