- 28 қар. 2019 00:00
- 233
Бір кесек мұз
Базардан бір кесек қой етін алған Қожанасыр үйіне келеді.
— Не әкелдің? — деп сұрайды әйелі.
— Бір кесек мұз, — дейді Әпенді, — ұраға қоя сал, түнде еттің иісін сезген мысық тауып алып, жеп қояды.
Келесі күні Әпенді ұраны қараса, ет жоқ.
— Қатын, — деп айқайлайды ол — етті қайда құрттың?
— Қаптағы ет пе еді? — деп аң-таң болады әйелі. — Сен ондағы мұз деп едің ғой.
— Мен мысық біліп қоймасын деп мұз деген едім, — депті сонда Қожа.