Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағыбай батыр (1 нұсқа)

Ағыбай батыр Кенесары, Наурыздың қоластында болған. Кезінде Кенесары қырғыздардың қолына түсіп, Ағыбай қашып кетеді. Кенесары, Наурыздың қолға түсу себебі — олардың алдына үйсіннің Сыпатай батыры ор қазады да, бетін шөптермен жауып қояды. Осының алдында Кенесары өзінің барлаушысын байқап келуге жібереді. Барлаушысы қырғыздар қазған орға түсіп кетеді. Барлаушысының ізімен шыққан Кенесары да сол орға түседі де, Ағыбай қашып құтылады. Еліне келсе, елі қоныстанған жерінен жоқ боп шығады. Біраз күн өткеннен кейін Қызыл Арайдағы «Ақжем» партиясы шақырып, Семей губерниясына Ағыбайды шақыртып алады. Патша оған:

— Менің алдымда тұрып сөйле, — дейді. Сонда Ағыбай:

— Менің тілім сөйлейді, аяғым емес, — деп патшаның алдында беті таймастан отыра береді.

— Сен Кенесары, Наурыздың кісісісің, — дейді.

— Мен қол жинаған жоқпын. Мен Кенесары не істе десе, соны орындап жүрген адаммын, — деп жауап қайтарады.

— Сен кім болғың келеді, — дейді патша.

— Мен ел болғым келеді, елім бытыраңқы соны жинағым келеді, — дейді. Маған Есбергенің Шұнақ деген жерін жайлауға берсеңіз.
Патша рұқсат береді. Шұнақтың Қаратал деген жерінде елімен қыстауда болады.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама