Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әкеңмін

Қартайғанша арақ ішуін қоймаған бір кісі үйіне мас оралыпты. Келсе, төрдің алдында ұзын бойлы біреу жатыпты, әлгі адам үйге кіріп от басына тоқтап қалыпты. Бірақ анау аяғын жимапты. Ашуға басқан үй иесі:

— Кім бұл жатқан? Кім едің ей, сорлы, — деп айғайлапты.

Жатқан адам да мас болса керек, жұмған көзін ашпастан кеудесін тоқпақтап:

— Кім болушы еді, танымай тұрсың ба, әкеңмін, біліп ал, — деп ақырыпты. Сонда бұл жатқан өзінің ұлы екенін таныған әлгі кәрі арақкеш не дерін білмей, гүрс етіп отыра кеткен екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама