- 26 ақп. 2020 00:00
- 196
Егер ұйықтап кеткен болсам
Толтыра көмір тиелген бір топ арба батпақты жолда ілбіп келе жатады. Кенет, қалғып келе жатқан жас арбакештің арбасы тайғанап барып бір жағы шұңқырға түсіп кетеді. Басқа арбакештер жабылып үстемелеп ат қосып жүріп әзер шығарып алады. Аттар да, адамдар да әбден батпаққа малшынып діңкесі құриды. Арба шығып болған соң, егде арбакеш жас арба кешке:
— Көзіңе қарап айдасаң болмас па еді, бізді де, өзіңді де әбден тұралаттың, неше сағат алысып жүріп әрең шығардық, — дейді.
Сонда жас арбакеш:
— Қайта мен қалғып кеткен ем, сергектікпен тез оянып тоқтатып алдым, егер, ұйықтап кеткен болсам, онда арба ана арғы құя батпаққа кіріп бір-ақ жоқ болар еді, — деп жауап қайтарыпты.