Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлем мұхиты мен оны мекендейтіндер жайлы 8 дерек

Сізге, бәлкім, беймәлім болған әлем мұхиты мен оны мекендейтіндер жайлы 8 деректі назарларыңызға ұсынамыз:

1. Ғалымдар кейде “әлем мұхиты айдың арғы бетінен де кем зерттелген” деп қалжыңдайды. Бұл тұжырым шындыққа саяды десе де болады: бүгінге дейін, кей мәліметтер бойынша, әлем теңізі 2−5%-ға ғана зерттелген.

 

2. Теңіздер түбінде нағыз су асты өзендер бар, нақтырақ айтқанда, «салқын сарқылу» дегенге келетін жағдайлар. Күкіртті сутек, метан және басқа да көмірсутектер теңіз түбіндегі жарықшақтар арқылы сарқылып, теңіз суымен араласатын аймақты дәл осылай атайды, ал кейін су өзен сияқты баяу қозғалады. Және де бұл феномен атауындағы «салқын» сөзі су түбіндегі сұйықтық айналасындағы теңіз суының температурасынан төмен дегенді білдірмейді. Көбінесе температура тіпті әлдеқайда жоғары болады. Ғалымдар салқын сарқылуды мұхиттардың тектоникалық белсенді аймақтарымен  ұштастырған. Мысалы, бұл құбылыс мұхиттық жер қабаты материктікке батып кететін Жапон науасында айқындалған. 

 

3. Су асты өзендерінен өзге, мұхитта су асты сарқырамалар да бар. Және де олардың кейбірі жер бетіндегі кейбір сарқырамалардан әлдеқайда үлген. Бүгінгі күнге дейін 7 су асты сарқырамасы белгілі. Температураның әртүрлілігі мен мұхиттың әр аумағындағы әртүрлі тұздылық, сонымен қатар теңіз түбінің бедері бұлардың түзілуіне себеп бола алады. Түрлі жағдайдағы айдындардың шекарасында және су асты бөктері бар кезде тығыз су түбіне қарай – одан да тығызырақ суды басу үшін ағады.

Қазіргі таңдағы танымал сарқырамалардың ішінде ең үлкені Гренладния мен Исландияны бөліп тұрған Дат бұғазының түбінде орналасқан. Оның биіктігі шамамен 4000 метр, және ол 175 миллион куб футтан кем емес суды араластырады. 

 

4. Кейде мұхитта «сүт теңіздері» пайда болады. Мұндай «теңіз» деп мұхиттың ауқымды аймағының жарқырауын айтады. Және мұндай құбылыстың көптеген суреттері бар болса да, оның қалай пайда болатынын ғалымдар әлі нақты дәлелдемеген. Бір нұсқа бойынша, «сүт теңізі» мұхиттың ірі аймақтарында ұзаққа созылатын жарқырау тудыратын Vibrio harveyi люминесценттік бактерияларынан пайда болады. 

 

5. 2011 жылы PLOS Biology журналында жарық көрген зерттеуге сәйкес, мұхитта ағзалардың шамамен 2,2 миллион түрі мекендейді, олардың ішінде шамамен 194 400 түрі ғана белгілі. 

 

6. Әлем мұхитында мекендейтін ең ірі балық – кит акуласы. Бұл түрдің кейбір өкілдерінің ұзындығы 12,65 метрге жетеді және салмағы 21,5 тоннадан асады. Бүгінде кит акулалары барлық тропикалық және біркелкі-жылы теңіздерде мекендейді. Бірақ Әлем мұхитының ең ірі мекендеушісі, бұл – әрине, көк кит. Оның ұзындығы 33 метрге дейін жетеді, ал салмағы 150 тоннадан асуы мүмкін.

Сонымен қатар әлем мұхитындағы ең кішкентай балық болып, Кедергілі рифтің маржан лагуналарында мекендейтін Schindleria brevipinguis саналады. Бұл түр балықтардың ұзындығы 8,4 мм-ге дейін жетуі мүмкін. 

 

7. Мұхит бетінен 1000 метр тереңдікте, күн сәулесі түспейтін және тағам аз аймақта, таңғажайып балықтар, оның ішінде түрлері қорқынышты балықтар мекендейді. Күн сәулесі түспейтіндіктен олардың көздері кішкентай (немесе тіпті көздері жоқ) болады, олар баяу жүзеді және тағам аз болғандықтан энергияларын құрта бермеу үшін ешқашан олжасының артынан жүгірмейді. Бұл балықтар жай ғана олжасын күтеді немесе арнайы «қармақтары» арқылы алдап түсіреді. Тереңдегі балықтардың көбі шағын пішінді болады – ірі балықтарға жан сақтау қиын, алайда көбінің іштері қампайып кетеді. Бұл олардың өз салмақтарынан да үлкен тамақты жұтып ала алатындықтарымен түсіндіріледі. Тереңдегі балықтардың ең танымалдары – Gonostomatidae және теңіз шайтандары. Ал ең тереңде мекендейтін балық болып абиссобротула саналады. Ол Пуэрто-Рико науасында 8370 метр тереңдікте табылған. 

 

8. Мұхитта «жалған түп» пайда болған жағдайлар да белгілі. Ең алғаш ол туралы 1942 жылы белгілі болды. Бірнеше акустикалық тексеру маманы мұхит бетінен 300-450 метр тереңдікте дыбыс толқынын тойтаратын қабатты байқап қалады. Және де кейін бұл беймәлім қабат түнде теңіз бетіне шығып, ал күндіз – түбіне қарай түсетіні байқалады. Сол кезде «жалған түпті» бәлкім күндізгі жарықтан қашатын тірі ағзалар түзеді деп болжанады.

«Жалған түпті» дәл қай ағза түзуі мүмкін деген болжамдар жасалады. Бірақ нәтижесінде мұны кальмарлар жасайтыны анықталды. Өйткені топ болған кезде олар біркелкі бөлініп, тығыз салмақ құра алады, ал бұл өз кезегінде дыбысты тойтара алатындай мүмкіндікті туындатады. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама