Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алғашқы әскери технологиялық дайындық сабағында оқушылардың бойындағы ұлтттық рухты көтеру мәселелері

АӘТД сабағында оқушылардың бойында үнемі ұлттық рухты көтеру мәселелерін осы пәнге жетекшілік етткеннен бастап мазалап жүрген болатын, Тәрбие көзі тал бесіктен, сондықтан да бала ерте оқытқан білім қашан оөз жемісін бермек.

Қазіргі жаҺандану үрдістері бүкіл әлемнің бағыт- бағдарын өзгертуде. Кез-келген оқу процесі белгілі бір мақсатқа бағытталып сол мақсатты орындауда бірнеше міндеттер атқарылады. Шынында да оқушылардың бойындағы ұлттық рухты көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың бойындағы бар қасиеттерді дамыту ол біздің қолымызда. Оқушы болсын студент болсын ол алдында жүрген үлгі тұтар оқытушыларына қарап бой сүйеп өседі. Өркениет дамыған сайын талап күшейе түспек, сондықтан оқушылардың жан-жақты білімімін дамыта отырып, олардың бойындағы сонау Махамбет-Исатайлардікіндей» ұлттық рухты ояту менің бүгінгі күндегі алғашқы әскери дайындық сабағындағы басты мақсатым болып отыр. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мен былтырғы оқу жылында көптеген жұмыс жоспарларымды іс жүзіне асырдым. Оқушылармен ұйымдастырған бірнеше жобаларым жақсы нәтижеге қол жеткізді. Түрлі инновациялық технологияларға негізделген ұлттық тәрбиемен ұштастырылған оқыту тәрбие жұмысында мен оқушылардың рухани жағынан дамығанын үнемі көздеп отырамын.Бұл жөнінде  менің ұстанымдарым бабалар сөзіне сүйену. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену. Оқушының бойындағы қасиеттер сөзге мән бере бастағанда ғана ояна бастайды. Жай ған қарапайым сөзбен оқушыларға қазіргі таңда әсерлі ету өте қиын. Сондықтан да олардың ерік- жігеріне жасына сәйкес ұлттық нақышта безендірілген түрлі тапсырмалар деңгейін үнемі күшейтуді міндеттеп отырмын. АӘТД сабағы бұл тек дене бітімін ретке келтуру ғана емес, руханилықты күшейту, париоттық сезімін ояту. Отанға жанын беріп қызмет етететін азаматтарды дайындау болып отыр. Қазіргі кезде ондай адамдар аз болғанымен олармен күрес жүргізу тәрбие жүмысында тоқтамайды. Тәлім жұмысының басты бағыты осы болып отыр. Оның өзіндік құндылығы бар.

Өз туған жеріне деген құрмет ол барлық азаматтарға жүктелген міндет және әрбір адамның борышы екені бесенеден белгілі. Істелген және атқарылған жұмыстардың барлығы болашағымыздың жарқын болуы үшін. АӘТД сабақтарына көп адам мән бере бермейді. Негізінде бұл пән арқылы оқушыларға жігер, намыс деген құнды нәрселер туралы түсіндіру жұмыстары тереңінен жүргізілуі тиіс. Сол себепті мен өз жеке жоспарымда әр оқушы арналған және топқа бөлінген оқушыларға арналған өз ерекшеліктері бар тапсырмалар орын алады. Бұл тапсырмалар оқушы бойында ұлттық құндылықтарды ояту мақсатында берілген. Былтырғы оқу жылында көптеген семинар конференцияларға мақалар жариялап бірнеше зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасағанда шығарған қорытындым- АӘТД сабағына оқытушы тереңінен дайындалып оқушылардың барлық қырларын ашу үшін еңбектенуі қажет. Осы ұлттық рухты көтерген ғана біз болашағымыздан зор үміт күте аламыз. Сеніміміз мол болмақ. Көптеген ұлтымыздың саңлақтары, батырларының жолын ұрпақ бойына дарыту мақсатында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында асыл қазынамызды дәріптеу сонымен қатар студенттердің бос уақыттарын зая жібермеу мақсатында атқарылған шаралар өз жемісін беруде. Ұлттық рух- ол қашанда ұлттық рух. Әр қазақ азаматтарының бойынан табылуы тиіс. Осы ұлттық рухқа жету жолында мен ұлттық сананы ояту мақсатында АӘТД сабақтары арқылы жүзеге асырамын. Өзімнің жеке жұмыс жоспарымның ең басты тақырыбы осы болып отырғаны сондықтан!!!

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Тогызбаева Г.Т.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама