Жұртқа ұнауға септігі тиетін 10 психологиялық амал
Ғалымдар бізді басқалар неге жақын тартып тұратынын және бұл білгенімізді өмірде қалай пайдалануға болатынын айтып берді.
1. Сөйлесіп отырған кісінің қимылдарын қайталаңыз
Әңгіме кезінде сөйлесіп отырған сұхбаттастың қолданатын дене қимылдары мен мимикаларын сіз де қолданыңыз. Зерттеулердің нәтижесінше бұлай істеу адамның көңілінен шығып, ұнауды жылдамдатады.
2. Уақытыңызды араласып, қарым-қатынас орнатқыңыз келген адаммен көбірек өткізіңіз
Біз таныс адамды ұнатып қалуымыздың ықтималдығы жоғары. Психологтар бір эксперимент жасап көрген: студенттер танымайтын төрт қыз университеттегі сабақтарға қатысып жүрді. Екеуі сабаққа жиі, қалған екеуі сирек барып тұрды. Кейін студенттерге ол қыздардың суреттерін көрсетіп, олардың қайсысы көбірек ұнап тұрғанын сұрады. Студенттердің сабақта көбірек көрген қыздарға көңілі ауған.
3. Сөйлесіп отырған адамды мақтап қойыңыз
Жұрт сіз оларды мақтап айтатын сын есім сөздерін сіздің мінез-құлқыңызбен байланыстырады. Бұндай феномен «аяқ астынан қасиеттерді тасымалдау» деп аталады. Ол керісінше де әсер етеді: егер сіз әңгіме қатысты адам туралы жаман сөздер айтсаңыз, жұрт сіздің айтқаныңыздың бәрін өзіңізге тән деп ойлай бастайды.
4. Жақсы да жағымды эмоцияларыңызды көрсетіңіз
Бізге айналамыздағылардың көңіл күйі қатты әсер етеді. Біз сөйлесісіп отырған адамның эмоциясы қандай болса, бейсаналы түрде біздің де эмоциямыз сондай болып кетеді. Жағымды әсер қалдыру үшін жақсы көңіл күйіңізді көрсетіңіз.
5. Бойыңыздан бір мін шығып қалуынан қорықпаңыз
Қандай бір кемшілігіңізді көрсетіп, қателік істеп қойсаңыз, сіз де жұмыр басты пенде екеніңізді білдіресіз. Қателіктердің симпатияға әсерін зерттеген ғалымдар осыны байқаған. Экспериментке қатысушылар викторинаның жазбасын тыңдапты. Егер әлдебіреу сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріп, соңына келгенде кофені төгіп алса, ол мінсіз болған басқа адамнан гөрі көбірек ұнаған.
6. Ортақ пікір-көзқарастырыңызға көңіл аударыңыз
Біз өзімізге әйтеуір бір жері ұқсас адамдарды жақын тартып тұрамыз. Бұл «ұқсастық бойынша жақын тарту эффекті» деп аталады. Оның үстіне бізге өзіміздің де бойымыздан табылатын нашар мінез-құлқы бар адамдар ерекше ұнайды.
7. Сөйлесіп отырған адамды ол өзін қандай етіп көрсеткісі келсе, сондай көріңіз
Жұрт өзін қандай көрсе, басқалар да оларды сондай көргенін қалайды. Адамның біз туралы ой-пікірі өзіміздікіне сай болса, қарым-қатынас сәтті жүреді. Сұхбаттасушы бізді түсінетінін сеземіз, ал бұл болса, араға сенім орнату үшін қажет-ақ.
8. Жеке бір құпияңызбен бөлісіңіз
Бұл жақсы араласып кетуге және адамды жақсы біліп алуға септігін тигізеді. Жалпы тақырыптардың бірінен (мысалы, жақында ғана екеуіңіз де көрген бір фильмнен) бастаңыз да, ақырындап жеке өзіңізге қатыстыларға ауысыңыз. Сосын өзіңіздің ешкім білмейтін сырыңызды ашыңыз. Осылайша көңілдің жақындығы сезімі пайда болады, ал сөйлесіп отырған адамға болашақта сізге шешіліп бірдеңе айтуына оңайырақ болады.
9. Сөйлесіп отырған адамға өзі туралы айтып беруіне кеңшілік етіңіз
Гарвард университетінің ғалымдары біз өзіміз туралы айтқан кезде тамақтанудан, ақшадан алатын ләззатпен салыстыруға болатын рахатқа бөлінетінімізді анықтаған. Сондықтан сөйлесіп отырған адамға өзі туралы айтып беруіне мүмкіндік беріңіз. Осылай қылсаңыз, оның көңілінде сізбен болған әңгіме-дүкеннен жағымды әсер қалады.
10. Сөйлесіп отырған адам өзіңізге ұнап отырғандай болыңыз
Адамның бізге деген ықылас-ниеті жақсы деп ойласақ, біз өзіміз де оны ұнатып, ілтипатымыз арта бастайды. Бұл құбылыс өзара симпатия деп аталады.
Оның үстіне, жұрттың бізге деген ықыласы дұрыс деп ойлаған кезде, біздің де оларға көңіліміз ерекше болады. Осылайша біз жақсы әсер қалдыру мүмкіндігімізді ұлғайтамыз.
Егер сіз сөйлесіп отырған адамның сізге деген көңіл-бейілі қандай екеніне көзіңіз жетпесе, ол сізге ұнап отырғандай әрекет етіңіз. Сонда оның сізді ұнату ықтималдығы жоғарылай түседі.
Дереккөздер:
https://faculty.fuqua.duke.edu/~tlc10/bio/TLC_articles/1999/Chartrand_Bargh_1999.pdf
https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/002210319290055O
https://psycnet.apa.org/record/1999-03699-002
journals.sagepub.com/doi/abs/10.1111/1467-8721.ep10770953
https://psycnet.apa.org/record/1966-05356-001
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2862496/
labs.la.utexas.edu/swann/files/2016/02/svt-lange-et-al.pdf
https://www.pnas.org/content/109/21/8038.full
http://faculty.wcas.northwestern.edu/eli-finkel/documents/38_EastwickFinkel2009_EncyclopediaOfHumanRelations_Reciprocity.pdf