- 16 там. 2018 00:00
- 222
Алматыда оқушылардың тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі
Алматыда жаңа оқу жылынан бастап, оқушылардың тамақтану жүйесінің жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.
«Бірінші рет Қазақстан территориясында Алматыда оқушылардың дұрыс тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі. 4 апталық мәзір Қазақстан тағамтану академиясымен, Ұлттық денсаулық орталығының мамандарының нұқсаулығымен жасалды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.
Оның айтуынша, бұл оқушылардың денсаулығын нығайтуға, иммунитетін күшейтуге, дұрыс тамақтану режимін қалыптастыруға бағытталған шара.
Енді қаланың барлық мектептерінде тамақтану қызметін атқаратын кәсіпорындардың барлығы тағамды бір стандарт бойынша дайындайтын болады.
Бірыңғай стандарт бойынша 7-10 жастағы балалар сабақ мезгілінде - 840 ккал, 11-14 жастағы балалар - 951 ккал, 15-18 жастағы балалар 1020 ккал тағам тұтынатын болады.