- 05 нау. 2024 04:36
- 362
Әлихан Бөкейханқа 155 жыл
Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы:
Бірінші, Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін, ең алдымен, "жер, жер және жер" болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек.
Екінші, Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі бар байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, "қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс".
Үшінші, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс.
Төртінші қазақ жерінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек. Бұл - идеологиялық ұстаным болатын.
Ал, бесінші, ең негізгі ұстанымы - тәуелсіз ғылымға, заңға сүйене отырып, ұлттық дәстүрге негізделген Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру...
(Т. Жұртбай)