aikyn.kz
- 25 нау. 2026 12:00
- 28
«Амал жоқ, бәріне көнемін...»: Тоқтар Серіков анасын сағынып, жүрек тебірентер жазба жариялады
Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген сағынышын білдіріп, жүрек тебірентер жазба жариялады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі марқұм анасының өмірден кеткеніне бес жыл толғанын айтып, оның жоқтығын қатты сезінетінін жеткізді.
«Анашым сізді құшақтамағаныма, құшып, сүймегеніме, еркелемегеніме тура бес жыл болыпты. Қатты сағындым, анашым. Өзіңіз кеткелі жасықпын, жылауықпын. Амал жоқ, бәріне көнемін ғой. Кей кезде сіздің жоқтығыңыз арқама аяздай батады. Жаның жәннәтта болсын Анашым», - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті. Оқырмандар ананың қадірін білуге шақырып, аналар аман болсын деген тілектерін жазды.