Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 03 мау. 2026 09:30
- 20
Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш жазды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қызметінен кету туралы өтініш жазды. Бұл шешім өңір әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қабылданды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімінің кеңесшісі Лаура Жақыпованың айтуынша, Сақтағанов заң талабына сай отставкаға кету туралы өтініш берген. Алайда, оның іске қатысы жоқ екені ескеріліп, өтініш қабылданбады. Әкімдіктің хабарлауынша, өңір басшысының жұмысы штаттық режимде жалғасуда.
Істің мән-жайы
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омар алдау және ірі көлемде пара алу фактілері бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сот оған алты жыл бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салу жазасын тағайындады. Апелляциялық сот үкімді өзгертпей, бұрынғы шенеуніктің жазасы күшінде қалды.