Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әмин Тұяқов (жеңіл атлетика)

Әмин Тұяқов (1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында туған) — КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның үш дүркін чемпионы, Әлем кубогының жеңімпазы.

Алғашқы болып қазақстандық Ғұсман Қосанов 100 шақырымды 10,2 секундта жүгіріп өткен. Сондай рекордты математика пәнінің мұғалімі, қазіргі жеңіл атлетикадан Қазақстан құрама тобының жаттықтырушысы Әмин Тұяқов қайталады.

Көрермендерін баурап әкететін осындай жарыстар әлемнің көптеген елдерінде өтті. Әмин Тұяқов: «Әсіресе, 1965 жылғы Киевте өткен кездесу есімде. Біз американдық олимпиада жеңімпаздарынан озып кетіп, жаңа рекорд жасадық», — деп есіне алады. Бұл жұлдызды сәт еді. Тұяқов пен оның топтағы достарына «КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері» атағы берілді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама