Ән падишасы – Шәмші аға
Ашық тәрбие сағаты: Ән падишасы – Шәмші аға.
Мақсаты: қазақ халқының танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі: экранда «Ән падишасы – Шәмші аға» атты тақырыпта Шәмшінің өмірінен, шығармашылығынан суреттер көрсету, еліміздің көрнекті ақын – жазушыларының, әншілерінің Шәмші туралы жүрекжарды лебіздерінен үзінді көрсету.
Барысы
Топ жетекшісі: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Сіздер бүгін қырық жыл бойы қазақтың даласы мен баласын ән әуенімен әлдилеген ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған №107 топ студенттері дайындаған «Ән падишасы – Шәмші аға» атты әдеби - сазды кешті тамашалағалы отырсыздар. «Қазақтың кім екенін білгісі келген адам Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдасын» деген сөзді қазақтың белгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов айтыпты. Әрине, бұл сөз тектен – текке айтылмаса керек, өйткені Шәмші әндері ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы. Шәмші әндері – мәңгі ескірмейтін, көнермейтін әндер. Қандай да бір ұлы істер туған жердің топырағынан басталса керек. Шәмші ағамыз да туған халқын, өскен елін, жусанды жерін ақтық демі қалғанша құлай сүйді, оларды өзінің ән бесігінде тербетті, ән шығарудағы өнер жолын бар байлықтан жоғары қойды. Туған жерге құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ән әуенінде қалықтатқан Шәмші ағамыз не деген құдіретті еді!
Еліміздің бірлігіне, тыныштығына арнап жазған Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін жан жүрегің тебіренбей тыңдау мүмкін емес. «Бұл әнім түбінде елімнің әнұранына айналады» деген Шәмшінің сөзі расқа айналып, асқақ рухты бұл ән бүгінде қазақ даласының әнұранына айналды.
1 - жүргізуші: Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың «Құтты болсын ел қалаған Әнұран!» өлеңі. Оқитын Маханов Нариман.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны «Менің
Қазақстаным». Сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Әні Шәмші Қалдаяқовтікі. Орындайтын хор.
2 - жүргізуші: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасында Қалдаяқ деген Кісінің қамыс күркесінде 1930 жылдың 15 - ші тамызында бір ұл бала дүниеге келеді.
Көрініс (Шәмшінің дүниеге келуі)
1 - жүргізуші: Осы сөздердің кейіннен ақиқатқа айналып, әнімен әр жүректі әлдилеген, ән падишасы атанып, алтын тәжіні киген сазгер Шәмші Қалдаяқұлы болатынын кім білген?
2 - жүргізуші: Шәмші! Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі Шәмші Қалдаяқов туралы айту әрі оңай, әрі қиын. Асқар шыңның алыстаған сайын биіктей беретіні секілді қазақ даласының ұлы перзенті Шәмші Қалдаяқовтың да уақыт өткен сайын даңқы өсіп, рухы асқақтап барады.
1 - жүргізуші: Әрбір адамның ең жақын, ең қымбат, ең асыл адамы бар. Ол – Ана. Ана – жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы. Ана – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр.
Шырылдап дүниеге келген сәттен бастап – ақ ананың жылуын, ананың әлдиін іздей бастайсың.
Көрініс (Шәмшінің анасымен қоштасуы)
2 - жүргізуші: Шәмшінің анасына берген бұл уәдесі араға бірнеше жылдар салып барып орындалды. Музыкаға деген әуестігінің ерте оянуына анасы Сақыпжамалдың сызылта салған әндері себепші, Шәмшінің анасына деген сағыныш пен құрметтен, қимастықтан туған «Ана туралы жыр» әні барша халықтың сүйіп айтатын әніне айналды. Бұл ән барлық аналарға арналған ән еді.
«Ана туралы жыр» әні. Орындайтын Сахиев Нұрбол.
1 - жүргізуші: Әрбір әннің өмірге келуінің өзіндік себептері бар. Арыс жағасында дүниеге келіп, Арыстың суына шомылып өскен Шәмшіге Арысқа арнап бір ән жазу көкейінде жүрген көп арманның бірі болатын. Балалық бал күндерінің ізі қалған Арыс жағасы оның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, шабытына қанат сыйлаған, небір әдемі әуездер бастау алған қасиетті де қадірлі жер болатын.
«Арыс жағасында» әні. Орындайтын Ерланов Темірхан.
2 - жүргізуші: Шәмші 300 - ге жуық ән жазды. Шәмшінің әндеріне басқа түгілі ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып: «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 - ге жақын өлең шығару деген – ұлы ерлік. Сізге ескерткіш орнату керек» – деген екен. Ендеше әсем де әуезді әндерімен халқының жүрегін баурап алған Шәмшінің тағы бір тамаша әнін тыңдайық.
Ән падишасы – Шәмші аға. жүктеу