Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құм, саз және әктас.
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құм, саз және әктас.
Мақсаты: 1. Оқушылардың бос тау жыныстары - құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
2. Тіл байлықтарын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, аялауға, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы. Құм, саз, әктас, мәрмәр.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру. Сұрақ - жауап, топтық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, жаңа ақпараттық жүйе интерактивті тақтамен жұмыс жүргіземіз. Сонымен бірге бізде қонақтар бар. Қане, амандасайық.
Арайлы таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жайнай түсті қаламыз
Қайырлы күн ұстаздар
Қайырлы күн балалар!

2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың бір түрі «Гранит» туралы оқып келуге берілді.

Ой қозғау.
1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
2. Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?
3. Өткен сабақта кенсіз пайдалы қазбалардың қандай түрімен таныстық?
4. Гранит қандай тас?
5. Оның түсі қандай?
6. Гранит қандай бөлшектерден тұрады?
7. Дала шпатынан тағы қандай бөлшектерді көруге болады?
8. Граниттен тағы нені көруге болады?
9. Гранит қайда болады?
10. Гранит қалай өндіріледі?
11. Гранит қайда қолданылады?
12. Граниттің өте сапалы түрі Қазақстанның қай жерінде өндіріледі?
Қазақстанның пайдалы қазбалары картасы.

Жаңа сабақ: Пайдалы қазбалардың тағы бір түрлері: құм, саз, әктас.
1. Құм туралы не білеміз?
2. Құмның түстері қандай болады?
3. Құм қалай өндіріледі?
4. Құмнан не жасалады?
5. Саз қандай болады?
6. Оның түстері қандай?
7. Саздан не жасайды?
8. Әктастың неше түрі бар?
9. Түсі қандай?
10. Әктас табиғатта қандай жерде кездеседі?
11. Әктастан нелер алынады?

Оқулықпен жұмыс: Топтар бойынша оқулықтан оқыту.
Сергіту сәті.
Құм, саз, әктас, мәрмәрдің табиғи түрлерін көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы олардың қасиетін, түсін, айырмашылықтарын байқату.

Кесте толтыру:
1. Пайдалы қазбалардың аты
2. Түсі
3. Қасиеті
4. Қолданылуы

Сабақты қорыту. Әр топ өз топтары бойынша қорытынды ойларын айтады.
Бағалау. Мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Бактыгуль Турсингазиновна
Құм, саз және әктас. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама