aikyn.kz
- 09 мау. 2026 01:00
- 21
Әнші Ақжол Мейірбековтің қызы әкесінің соңғы аманатын жеткізді
Белгілі әнші Ақжол Мейірбековтің қызы Сұлтан Ақжолқызы әкесінің өмірден өтер алдындағы өсиетін бөлісті. Оның айтуынша, әнші екі жылдан астам уақыт бойы ауыр дертпен күрескен.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкесінің аманаты
Сұлтан Ақжолқызы әкесінің емделуден бас тартып, отандық дәрігерлерді таңдағанын айтты. Ол ауыр халде жатса да, сахнадан түспей, халыққа ән сыйлаудан жалықпаған.
«Әкем он сегіз рет химиотерапия алды. Жағдайының ауыр екенін мойындағысы келмеді. Біз шетелде емдету үшін қаражат жинауды ұсынғанда, әкем қарсы болды. Бірақ ол ауырса да, сыр бермей, сахнаға шығып ән айтып жүрді. Бізге «Жақсы жүріңдер» деген өсиет қалдырды», – деді Сұлтан Ақжолқызы.