
- 17 нау. 2025 09:33
- 12
АҚШ опен Ирак: ДАИШ жетекшісінің көзі жойылды
Ирак барлау қызметі мен АҚШ бастаған коалиция күштері бірлескен операция жүргізіп, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жетекшісін жойды.
Әбу Хадиджа лақап атымен танымал Абдулла Макки Муслих әл-Рифа әлемдегі ең қауіпті террористердің бірі ретінде танылған. Ол ДАИШ ұйымының стратегиялық жоспарлау, логистика және шабуылдарды үйлестіру істеріне жауапты болған.
АҚШ-тың ресми өкілдері бұл операцияның террористік ұйымның әрекетіне айтарлықтай соққы бергенін мәлімдеді. Ирак барлау қызметінің деректеріне сүйенсек, Әбу Хадиджа коалиция күштерінің ұзақ мерзімді бақылауында болған және арнайы операция нәтижесінде жойылған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл жаңалыққа Truth әлеуметтік желісінде пікі әур білдірді.
"Бүгін Иракта «Ислам мемлекетінің» қашып жүрген жетекшісі қаза тапты. Біздің ержүрек жауынгерлер оның ізіне түсіп, тынбай қудалады. Оның түкке тұрғысыз өмірі соңына жетті," – деп жазды Трамп.
Бұл әскери операция терроризмге қарсы күресте маңызды жетістік ретінде қарастырылып отыр. АҚШ пен Ирак билігі ДАИШ ұйымының қалдықтарын жою бағытында жұмысты жалғастыра беретінін мәлімдеді.қәуц