
- 17 нау. 2025 09:27
- 10
Зеленский: Украина әскері қоршауда қалған жоқ
Украина президенті Владимир Зеленский Курск облысында Украина Қарулы Күштері (УҚК) операция жүргізіп жатқанын және украин әскері қоршауда қалмағанын мәлімдеді.
Зеленскийдің айтуынша, бұл әскери операция Ресей әскерінің едәуір бөлігін осы аймаққа жұмылдыруға мәжбүр еткен. Бұл өз кезегінде басқа бағыттардағы украин қорғанысына жеңілдік әкелді.
"Бөлімшелер өз міндеттерін тиянақты орындап жатыр. Курск облысындағы украин күштерінің арқасында басқа бағыттағы Ресей әскерінің едәуір бөлігі осылай жұмылдырылды. Біздің әскер Курск облысында ресейлік және Солтүстік кореялық топтарға қарсы соғысып жатыр. Біздің жауынгерлер қоршауда қалған жоқ", – деді Зеленский.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі соңғы күндері Курск облысындағы әскери жетістіктері туралы хабарлап, Суджа қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин украин күштері қоршауға алынды деп мәлімдеп, оларды берілуге шақырды.
Бұл жағдай Ресей-Украина соғысының жаңа шиеленіс ошағы ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта екі тарап та өз позицияларын бермеуге тырысуда.