Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ақсуат жұрты журналист Руслан Өтепбайға ерекше құрмет көрсетті

Елімізге белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат ауданының тұрғындары ерекше құрмет көрсетті. Бұл жағымды жаңалықты кәсіпкер Дулат Тастекей өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дулат Тастекейдің айтуынша, Руслан Өтепбай – халқының сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген азамат. Ол ұлт руханияты мен қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған. Сондықтан Ақсуат жұртшылығы оған қазақы дәстүр бойынша ат мінгізіп, зор құрмет көрсетуді жөн көрген.

Бұл – ардақты азаматқа деген ықылас пен ризашылықтың айқын белгісі.

Жаңалықтар

Жарнама