Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 36 минут бұрын)
Ақтаулық блогер балалар лагеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтерді

Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев «ОзенМунайГаз» АҚ қызметкерлерінің балалар лагеріндегі демалыс ұйымдастыру мәселесіне қатысты шағымын жариялады. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.

Шағымда «Айналайын» лагерінде балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде заң бұзушылықтар болуы мүмкін екені айтылған. Лагерь Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істеген.

Шағымданушылардың айтуынша, лагерьдегі жағдайды, яғни балалардың тұру шарттарын, санитарлық жағдайын, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және балаларды сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді сұрайды.

Сондай-ақ, соңғы жылдары лагерьге берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың шынайылығын және ресми құжаттарда көрсетілген деректердің нақты жағдайға сәйкестігін тексеру мәселесі көтерілген.

Бұған қоса, балалар демалысын ұйымдастыруға және бақылауға жауапты тұлғалардың әрекеттері мен шарттардың заңдылығына құқықтық баға беруді талап етеді.

Қоса берілген материалдарда балалардың тұру жағдайы, жиһаз бен жабдықтардың сапасы, сондай-ақ балаларды орналастыру тәртібіндегі мәселелер көрсетілген.

Азамат Сәрсенбаев бұл мәселе бойынша ешқандай құқық бұзушылықтың болғанын растамайтынын, алайда бұл жағдайлардың тиісті органдар тарапынан ресми тексеруді талап ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда балаларды сауықтыру және білім беру ұйымдарына қойылатын жаңа талаптар күшіне енді.

Жаңалықтар

Жарнама