Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ақтаулық блогер тойда доллардан шашу шашты

Ақтаулық танымал блогер Салтанат Аманқосова тойда доллардан шашу шашып, желіде қызу талқыға түсті. Бұл оқиға блогердің туған сіңілісі Альбинаның қызының бір жасқа толған тойында болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Доллар шашу дәстүрі

Салтанат Аманқосова өзінің Instagram парақшасында: "Ал, жалғыз жиенімнің тойы деп, көке екеуіміз 100 доллар шаштық. Той құтты болсын жаным", - деп жазды.

Желі қолданушылары бұл әрекетке түрлі пікірлер жазды. Біреулер "Мықты Салтош" деп мақтаса, енді біреулер "Шын ақша ма шашқаны?" деп күмәнданды.

Блогердің жеке өмірі

Салтанат Аманқосова жақында екінші рет ажырасып, ұлының тегін өзіне жаздырғаны белгілі болды.

Жаңалықтар

Жарнама