Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Армения премьер-министрі Ереван метросында жолаушымен сөзге келді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван метросында жолаушы әйелмен Қарабақтағы жағдайға байланысты пікірталасқа түсті. Бұл туралы NEWS.am сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Пашинянға Қарабақтан армяндардың көшіп кетуі туралы сұрақ қойылғанда, ол ашуға мініп, былай деп жауап берді: «Біз сіздердің Қарабақта өмір сүрулеріңіз үшін барлығын жасадық және 2023 жылы дәл сіздер мені халықтың Қарабақтан Арменияға кетуіне жол бермеді деп айыптадыңыздар. Енді міне, сіздер мұнда келіп: «Ой, біз қайта оралғымыз келді» дейсіздер.

Премьер-министрдің айтуынша, билік Қарабақ тұрғындарының қалуына мүмкіндік беру үшін «армяндар тапқан миллиардтаған қаржыны жұмсаған».

«Онда неге қалмадыңыздар?» деп сұрады ол.

Пашинянның үстінде Армения картасы бейнеленген белгі болған. Ол әйелді «бұл карта туралы мұндай менсінбей сөйлемеуге» шақырды.

«Мен Қарабақты бердім деп айтуға тырыспаңдар, сендер сияқты қашып кеткендер», - деді премьер-министр.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында екінші Қарабақ соғысынан кейін Нагорный Қарабақтың бір бөлігі Әзербайжанның бақылауына өтті. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде Әзербайжан бүкіл аймақты толық бақылауына алды. Содан кейін Қарабақтан 100 мыңнан астам армян көшіп кетті. 2015 жылғы санақ бойынша, мойындалмаған республиканың халқы 145 053 адам болған, оның 99,74 пайызы армяндар.

Жаңалықтар

Жарнама