- 28 қар. 2019 00:00
- 236
Әрқайсысына өз аяғын қайтарады
— Балалар аяқтарын суға салып, шулап отыр екен: «Менің аяғым қайда», — дейді бір-біріне. «Жоқ, бұл Хусейннің аяғы».
— «Біздің аяқтарымыз ауысып кетті, аяқты суға салмайық» деп едім ғой. «Енді кайтіп аяқтарымызды табасыз?» — деп.
Жандарынан өтіп бара жатқан Қожанасыр бұлардың сөзін естиді де:
— Балалар, сабыр етіңдер, мен қазір бәріңе де аяқтарыңды қайтарамын, осы ойынды бастаған баланың сазайын берем, — дейді.
Сөйтіп, қолындағы таяқты аяқтарына қарай сілтеп қалған екен, балалар аяқтарын тартып алып, ыршып-ыршып тұрған екен.