Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Сабақтың тақырыбы: Архаизмдер. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштар. Мақал - сөздің мәйегі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтелдерімен таныстыру.
Дамытушылық: халық шығармасының бұл түрлерін бір - бірінен ажырата білуін, мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, жеке тапсырмалар
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, дүниетану.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, кластерлер, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу; ә) кезекшімен сұхбат, б) сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау, топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Көнерген сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
Неологизмдер дегеніміз не? Мысал келтір.
IIІ. Жаңа сабақ

Семантикалық карта
Аталуы ------ күпі --- домофон --- сайт --- лашық --- кебеже --- ермексаз --- үнтаспа --- саптыаяқ --- жолсерік
Архаизмдер
Неологизмдер

Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шешендік сөздер
Ертегілер
Мақал - мәтелдер
Аңыз – әңгімелер
Жұмбақтар

- Ерте, ерте, ертеде... жазу - сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата - бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан - ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады
- Балалар, осы халық - ауыз әдебиетіндегі ертегілер тобына тоқтатлатын болсақ, олар төмендегідей бөлінеді.
Ертегілердің түрлері


Қиял - ғажайып ертегілер
Шыншыл ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегілері

- Қане балалар, ендеше, мына суретке қарап топтастырайық

- Ал мақал - мәтелдер бірнеше тақырыптар бойынша топтасады.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары

Адамгершілік қасиеттер туралы
Еңбек туралы
Отан, туған жер туралы
Ынтымақ, бірлік туралы
Тіл туралы
Өнер, оқу, білім, ғылым туралы

Интерактивті тақтамен жұмыс. Мақал – мәтелдерді топтастыру.
Тілін білмеген түбін білмейді.
Жақсылық қылсаң досына, қайыры болар басыңа.
Адам болсаң да өзіңнен, адам болмасаң да өзіңнен.
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Бірлік бар жерде – тірлік бар
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті жау алмайды.
Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді.
Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы
Ақылды бала білім іздер, ақылсыз бала шылым іздер.
Еңбексіз елге сыймас.
Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.
Отан оттан да ыстық.
Ынтымақ болмай іс болмайды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама