Photo: Konevi (https://www.pexels.com/@konevi) / Pexels
- 07 мау. 2026 01:31
- 26
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты ауыр сөздер айтылды: Алаштанушы ғалымның мәлімдемесі
Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасындағы сұхбатында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қоғамда жүрген әңгімелерге тоқталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымның айтуынша, Мұхамедиұлы туралы түрлі қауесеттер билік өкілдері мен өнер адамдары арасында бұрыннан айтылып жүрген. Аққұлы бұл ақпараттарды мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласының өкілдерінен естігенін жеткізді.
Шенеуніктерге қыздар тауып берді деген қауесет
Сұхбат кезінде ғалым Мұхамедиұлына қатысты шенеуніктерге жас қыздар тауып берді деген сияқты ауыр қауесеттердің де тарағанын айтты. Алайда, ғалым бұл сөздерге нақты дәлел келтірмегенін атап өту қажет.
"Мен үкімет мүшелерінен, депутаттардан естігенімді айтып отырмын. Мәселе тек бір адамның төңірегінде емес, сол кезеңдегі жоғары саяси биліктің моральдық келбетінде болып отыр", – деді Сұлтан Хан Аққұлы.
Айта кетейік, сұхбатта айтылған мәліметтер әзірге ресми түрде дәлелденбеген және ел арасында тараған әңгімелер ретінде ғана келтірілді.