Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Асығыс үкім

Бір кісі үйінің төменгі қабатында ағаш шеберлігімен айналысады екен. Есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанында электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де келмейді. Қасарысқандай сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цех жарық болады. Болжамдары дұрыс шыққан екен, бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы ол кінәлі адамды көреді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.

Адам он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Бүкіл күні оның кесірінен жоғалған еді. Бір рет қана істеген болса бәлкім үн қатпас еді. Шапалақпен тартып жібереді. Бәлкім бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне бөксіп былай дейді:

- Мына баланың мектепте кімдермен жүргенін білуіміз керек!.. Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!..

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет болса керекті.

Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де оны тыңдамай, күнделігін оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді:

«Бүгін түнде жаман түс көрдім!.. Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Құдайым-ау оны сақтай гөр!.. Мен қолымнан келгенін істеймін!..»


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама