Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
- 19 нау. 2026 21:30
- 22
Астана мен Алматыдағы ауа райы: 20-22 наурызға арналған болжам
Еліміздің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Қазгидромет мамандары 20, 21 және 22 наурыз күндеріне арналған болжамдарын ұсынды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ауа райы
20 наурыз күні Астанада айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
21 наурыз күні де ауа райы өзгеріссіз қалады. Айнымалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыс желі секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Түнгі температура -8...-10 градус, күндізгі температура +3...+5 градус болады.
22 наурыз күні Астанада айнымалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыс, батыс желдері секундына 2-7 метр жылдамдықпен еседі. Түнде ауа температурасы -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыдағы ауа райы
20 наурыз күні Алматыда айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
21 наурыз күні Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, айнымалы бұлтты болады. Солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +1...+3 градус, күндізгі температура +15...+17 градус болады.
22 наурыз күні Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Айнымалы бұлтты болып, солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен еседі. Түнде ауа температурасы +5...+7 градус, күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның кейбір өңірлерінде 23 градусқа дейін жылынады
Бұған дейін синоптиктер антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, қолайлы көктемгі ауа райы сақталатынын хабарлаған болатын. Бұл температураның одан әрі жоғарылауына ықпал етеді. Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 10-20 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта 5-17 градусқа дейін, ал оңтүстікте 15-23 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.
-
Residents of Aktobe region's chrome-mining villages face environmental damage and economic hardship, while the foreign-owned company reaps significant profits.
-
Елімізде сиыр етін тұтыну азайып барады. Мамандар мұның себебін халықтың табысы мен азық-түлік бағасы арасындағы алшақтықтан көреді.