depositphotos.com
- 28 сәу. 2026 20:30
- 25
Астана мен Алматыдағы ауа райы: Синоптиктер болжамды нақтылады
Қазгидромет синоптиктері Астана мен Алматы қалаларына арналған алдағы үш күнге (29, 30 сәуір және 1 мамыр) арналған ауа райы болжамын жаңартты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Астана қаласы бойынша болжам
29 сәуірде айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Температура түнде +2...+4 градус жылы, жер бетінде 1 градус аяз, күндіз +21...+23 градусқа дейін көтеріледі.
30 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Температура түнде +6...+8 градус, күндіз +24...+26 градус болады.
1 мамырда айнымалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Температура түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градусқа дейін жетеді.
Алматы қаласы бойынша болжам
29 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Температура түнде +10...+12 градус, күндіз +24...+26 градус болады.
30 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Температура түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
1 мамырда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Температура түнде +11...+13 градус, күндіз +27...+29 градус болады.
Бұған дейін синоптиктер Астанада жауын-шашынсыз жылымық, Алматыда найзағайлы жаңбыр болатынын болжаған еді.
Қазақстан бойынша ауа райы күрт өзгереді
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын хабарлаған. Найзағаймен бірге жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, дауылды жел мен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен шығыста (29-30 сәуірде) жауын-шашынсыз болады.