Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 28 минут бұрын)
Астанада қар жауып, Алматыда +24 градусқа дейін жылынады: 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Астанада 8-10 сәуір аралығында ауа райы күрт өзгереді. Егер 8 сәуірде күндіз +15...+17 градус жылы болып, найзағай ойнаса, 10 сәуірде күн суытып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде температура +1...+3 градусқа дейін төмендейді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы ауа райы болжамы

8 сәуір күні айнымалы бұлтты болып, кейде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +15...+17 градус болады.

9 сәуір күні айнымалы бұлтты болып, кейде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8, күндіз +13...+15 градус болады.

10 сәуір күні айнымалы бұлтты болып, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 9-14 м/с, күндіз 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +8...+10 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

8 сәуір күні Алматыда айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Батыс жел соғады, 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +22...+24 градус болады.

9 сәуір күні айнымалы бұлтты болып, шағын жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыс жел соғады, 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +15...+17 градус болады.

10 сәуір күні түнде шағын жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Шығыс жел соғады, 3-8 м/с, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +17...+19 градус болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +3...+15 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама