- 05 нау. 2024 04:17
- 245
Ата заңымыз – айбатты
Ата заңымыз – айбатты
Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата
заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар мен ұстаздар, бүлдіршіндер!
Сіздерді бүгінгі өтетін «Ата заңымыз – айбатты» атты
ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Қазақстан - егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым - елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Нұркелді: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда
Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер, ал Ата заңымыз – еліміздің
рәміздерінің бірі.
Аружан: Ата - бабам тұлпар мініп айқасқан,
Әрбір сөзге кесек - кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел президенті сайланды,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.
Кәусар: Көк байрағы даламның,
Бүгінгі ұрпақ жалауы.
Тірегі әке - баланың,
Қазақстан жалауы.
Назерке: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Көрініс. «Ата заңымызды білейік»
Жүргізуші: Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер. Ал енд Ата заңда әрбір азаматтың борышы, басқа азаматтардың мемлекеттегі ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген.
Зере: Ынтымақ, достық, тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі,
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Ақжібек: Әрбір жан ойы қосылған,
Құрмет көрер досынан.
Бірлігі елдің қашанда,
Нығайсын деген осы заң.
Лезген биі. Орындайтындар: Наурызбек, Бейбарыс, Дәулет, Расулолла.
Нұрболат: Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан - жақты
«Қазақ» би. Орындайтындар қыздар тобы
Дәулет: Ата заңым – бабалардың лебізі,
Ата заңым - барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Жүргізуші: Күні бүгін ата - бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік, біртұтас, жалпыға бірдей Ата - заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз. Ертеңгілігімізді аяқтай келе, сөз кезегін балабақшамыздың директоры Есбергенова Лаззат Айекенқызына береміз.
Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!