Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Атомның құрылысы
Есік қаласы,
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің
физика және математика пәнінің жоғары санатты оқытушысы,
Усенбаева Зағира

"Ғалымдар кеңесі" формасындағы семинар сабағы
Тақырыбы. Атомның құрылысы
Сабақтың мақсаты: Атомның құрылысы жайлы ғылыми - теориялық көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Атомның құрылысын білу, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін кеңейту.
2. Танымдық қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту.
3. Ғылымға қызығушылыққа тәрбиелеу, өз бетінше ізденуге бағыттау, кәсіптік бағдар беру.
Көрнекілігі: Резерфорд тәжірибесінің схемасы, ғылым жайлы нақыл сөздер, ғалымдардың портреттері, атомның құрылысын бейнелейтін плакат, формулалар жазылған топтамалар, қортынды схема.
Қажетті құралдар мен материалдар: Электронды оқулық, видиопроектор, 8, 11 - сынып оқулықтары, студенттердің тірек конспектісі.
Сабақтың типі. Ғалымдар кеңесі формасындағы - семинар сабағы.
Cабақтың әдісі. Проблемалап оқыту, оқу танымдық әрекеттерді ұйымдастыру және ынталандыру мотивация әдістері.
Сабақтың формасы. Іскерлік ойын түріндегі жаңа сабақ.

Мұғалімнің және студенттің іс әрекеттері
1. Мұғалім студенттерге алдын - ала ізденуге тапсырма береді. 11 - сынып физика оқулығы,§35 - 36 тақырып бойынша тірек конспект жазу және атомның құрылысы мен қасиеттері жайлы ғылыми түсініктерді талдауға дайын болуға тапсырма береді.
2. Әр студент бір ғалымның атынан сөйлейді, оқытушы сабақ барысында сұрақтар қойып, оқушының жауабына қарай пысықтап отырады.
3. Сабақты Студент ұйымдастырушы басқарады.
4. Оқытушы сабақты схемалық түрде қорытындылайды.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушының білімін жан - жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа өту.
"Әрбір ашылған жаңалық одан әрі жүруге жол бермейтін шек емес, керісінше әлі зерттелмеген жаңа жұртқа апаратын даңғыл болып саналады. Ғылым бар да қаптаған сансыз көп проблемалар таусылмайды, физиктер үшін жұмыссыз қалатын қауіпті дәуір ешқашанда тумайды."
Джозеф Томсон
Мұғалімнің кіріспе сөзі:" Бүгінгі сабақтың мақсаты - ғылымның дамуына кері шегініс жасай отырып, Демокриттен бастап бүгінгі күнге дейінгі атомның құрылысы мен қасиеттері жайлы ғылыми түсініктерге тарихи шолу жасау. Ғалымдар бұған 2500 жыл жұмсаған, ал біз мұны екі сабақта қамтып шығуымыз керек.
2. Экспресс сұрақтар.
а. Атом неден тұрады?
ә. Атом ядросының заряды қандай?
б. Электрон қандай бөлшек?
в. Электронның зарядының шамасы қанша?
г. Электронның массасы қаншаға тең?
(1. Электрон мен ядродан тұрады.
2. ОҢ. 3. Теріс зарядты элементар бөлшек. 4. 1, 6. 10 - 19 Кл. 5. 9, 1. 10 - 31 кг)

ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.
Жоғарғы оқу орындарында, Ғылыми зерттеу институттарда, Ғылыми зерттеу Академияларында, Ғалымдар кеңесі, орталығы жұмыс атқарады. Бүгінгі сабақта сондай орталықтың жұмысы жобасының бір көрінісін ұсынамыз. Сонымен, іскерлік ойын сабағымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар атомның құрылысы мен қасиеттері жөніндегі ғалымдардың түсініктерінің қалай дамығанын жинақтап, қысқаша баяндайды.

Семинар жұмысын ұйымдастыруды Бердібаева Салтанатқа жүктеймін.
Ұйымдастырушы - студент
Демокрит
Джон Далътон.
Ұйымдастырушы - студент
Иозеф Лошмид
Иссак Ньютон
Густав Роберт Кирхгоф
Ұйымдастырушы - студент
Джозеф Джон Томсон
Ұйымдастырушы - студент
Эрнест Резерфорд
Ұйымдастырушы - студент
Макс Планк
Ұйымдастырушы - студент
Альберт Эйнштейн
Ұйымдастырушы - студент
Диалог Бор және Ұйымдастырушы - студент

Сұрақ - жауап. Мұғалім және оқушылар - Сөйтіп, 1913 жылы атомның планетарлық моделінен екі постулат туындады.
постулат: оқушыдан сұралады.
постулат: оқушыдан сұралады.
формула оқушыдан сұралады
егер Е1 Е2 - фотон сәуле шығарады
егерЕ1 Е2 - фотон сәуле жұтады.

Бор: Осы постулаттарды мен сутегі атомының теориясына қолдандым. Одан мынандай қорытындылар шығады:
Ұйымдастырушы. Сонымен, Бордың теориясына сәйкес сұрақ - жауап Оқушы:
Атомдағы электронның айналу орбитасының радиусы кез - келген болуы мүмкін емес;
Электронның стационар күйдегі энергиясы өте аз болады және ол бұл күйде ұзақ уақыт бола алмайды;
Электрон қозған күйде 10 - 8 с. уақыт бола алады, яғни ол осы уақытта ядроны 100 млн. рет айнала алады.
Жарықтың жұтылуы сәуле шығаруға кері процесс. Атом аз энергиялы күйден көп энергиялы күйге өткен кезде жарық жұтылады.
Бор теориясының кемшіліктері – Оқушы:
Классикалық механика мен электродинамиканы кванттық тұрғыдан біріктіре отырып Гелий мен басқа элементтердің құрылысын түсіндіре алмады;
Атомдағы электрондардың қозғалыс планеталардың орбита бойымен қозғалысына ұқсастығы өте аз.
1922 жылы атомның құрылысын зерттегені үшін Нильс Борға Нобель сыйлығы берілді.
17. Луи де Б ройль сөз алады.
18. Ұйымдастырушы
19. Макс Борн сөз алады.
20. Ұйымдастырушы.
21Мұғалім сөз алып, қорытынды схемамен жұмысты жалғастырады.
Сендер ұлы ғалымдардың атомның құрылысы жөніндегі түсініктерінің қалай дамығанымен таныстыңдар. Ой - өрістеріңді кеңейте отырып табиғат құбылыстарын зерттеуде ғылымның жолы ұзақ та қиын жол болатынын көрдіңдер.
Енді осы тақырыптың қорытынды схемасын көрсетейік:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама