Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сыйласаң - сыйлы боласың
Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Үшарал қаласы, Талапкер орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Карижанова Раушан Акажановна

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң - сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты:
1. Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту
2. Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру
3. Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер
Мұғалім балалармен бірге шеңберге тұрады, жақын адамдарына арнап жақсы тілек айтуларын ұйымдастырады.

Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Өзіңді сыйласаң - сыйымды боларсың» деп жазып қояды.
Мәтінмен жұмыс
«Сыйлау» Ә. Табылдиевтің әңгімесін оқу, Оқушылармен мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап алу
*Балалар сыйластық дегенді қалай үсінесіңдер?
*Үлкендерге құрмет көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
*Ал кішіге не үшін қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық жұмыс
«Сыйлаймын өз үйімді» тақырыбында өз ойларын айтады. Сұрақ - жауап әдісін қолдану
Ойын - жаттығу
1. «Күн шуағы» атты ойыны оқушылардың сыйластық қарым - қатынас жасай
білу дағдыларын толықтыра түседі.
Үлкендер

Орын беру
құрметтеу
тіл алу
сыйлау
көмектесу
қадірлеу
тыңдай білу
сыйлық жасау т. б.

Дәптермен жұмыс
Үйге берілген ребусты шешу, бос тор көздерді толтыру.
«ДОСТЫҚ - СЫЙЛАСТЫҚТАН БАСТАЛАДЫ.»
Оқушы өзінің қасында отырған досын, немесе ең жақын туысын сипаттайды.
Оған қандай құрмет көрсетеді, араларында қандай сыйласымдылық бар?
ТУЫС
ОҚУШЫ
ДОС

2. Ойын: «Сыйласа білесің бе?»
Мұғалім сыйластықты білдіретін, сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып, алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастырады. Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса, қолдарын шапалақтайды. Егер «бұрыс» деп тапса, алақандарын екі жаққа жаяды.
- үлкендерге бірінші болып сәлем беру
- кішілерді жәбірлеу
- үлкен кісінің айтқанын тыңдау
- үлкендердің сөзін бөлу

Қорытындылау

Сабақ барысында меңгерген білімдері мұғалімнің көмегімен тұжырымдалады.
- Сыйластық – адамдар арасындағы ізгі қарым - қатынас. Адамдарды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді. Ол адамдардың әрекетінен көрінеді. Адамдарды сыйласаң, олар сені сыйлайды. Осындай сыйлы қарым - қатынастан адамдар қуанышты, тату - тәтті өмір сүреді.

Жүректен жүрекке
А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін үйреніп, айту
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады
Қ/сы

Таза бала мұнтаздай Еңбекшіл осындай
Сүйсінеді қараған Болайықшы досым - ай.
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама