Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу бала халықаралық іздеуде, әйелі әлі табылмай жатыр

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының ісі бойынша жаңа деректер пайда болды. Полиция департаменті өкілі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, отбасының күйеу баласы қазіргі уақытта халықаралық іздеуде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдікті халықаралық іздеуде

Атырау облысы полиция департаменті өкілі Мейірім Ердәулет журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында тергеу барысындағы соңғы мәліметтерді бөлісті. Оның сөзінше, отбасының күйеу баласы халықаралық іздеуге жарияланған. Ал Ақбаян есімді әйел әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар тізімінде.

Отбасының шетелге шыққаны расталды

Полиция бұл азаматтардың нақты қай елде екенін ресми түрде растамағанымен, олардың Атыраудан Шымкентке, одан әрі Өзбекстан арқылы басқа елдерге шығып кеткенін анықтады. Бұл деректер тергеудің маңызды бөлігі болып отыр.

Жаңалықтар

Жарнама