dalanews.kz
- 25 мам. 2026 12:00
- 18
Атыраудағы жұмбақ өлім: Отбасының соңғы сәттері беймәлім күйінде қалды
Өткен жылы Атырау облысы, Жангелдин ауылындағы бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабар әлі күнге дейін жұртшылықты алаңдатуда. Зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларынан желтоқсан айының соңында із-түзсіз кеткені туралы туыстары хабарлаған болатын. Кейіннен, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, марқұмдардың зорлық белгілері бар денелері өз үйлерінің ауласынан, шаруашылық нысанының астынан табылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйдің жағдайы мен тергеу
Қылмыстық іс бойынша тергеу басталғандықтан, марқұмдардың үйіне кіруге уақытша тыйым салынған еді. Уақыт өте келе, иесіз қалған үй мен аула қараусыз қала бастады. Қатты желден кейін қоршаудың бір бөлігі құлап, көршілердің малдары аулаға еркін кіріп-шығатын жағдай қалыптасты. Аула мен үйдің қазіргі көрінісі, мұнда көптен бері ешкім тұрмағанын айқын аңғартады.
Беймәлім жағдай
Отбасының қайғылы жағдайда қаза табуының себеп-салдары әлі толық анықталған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл оқиға Атырау облысының тұрғындарын терең күйзеліске ұшыратты.