Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
Атыраудағы қос өлім: Күдіктілерді елге әкелу жұмыстары жүріп жатыр

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптыларды өлтіру ісі бойынша күдіктілерді Индонезиядан Қазақстанға қайтару рәсімі аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық тергеушілер мен Интерпол бірлесіп ауқымды жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарды елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

«Күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жалғасып жатыр. Атырау облысында арнайы топ жұмыс істеуде», – деді Әділов.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғанға дейін қаза тапқан зейнеткерлердің қызы, яғни негізгі күдіктінің жұбайы да хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Қазір оған да күдікті мәртебесі беріліп, күйеуімен бірге Қазақстанға қайтару шаралары жүргізілуде.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар

Жарнама