Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ауа. Ауаның қасиеттері
Кокушева Сауле Аскаровна.
Дүниетану 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері
Жалпы мақсаты: Оқушылар өздігінен тәжірибе жүргізу арқылы ауаның қасиеттерін анықтай ала ма?
Оқу нәтижелері: Оқушылар топта тәжірибе жасап, қорытынды жасауға үйрене бастайды.
Сергіту сәті
1. «Үйшік, тиіндер»
Оқушылар ортаға шығады, араласып жүреді. Мұғалім: «Үйшік құрыңдар» дегенде, оқушылар екі - екіден қол ұстасып бөлінеді (жұбы жоқ оқушы кетеді) Мұғалім: «Үйшік ішінде бір тиін» дегенде, оқушылар екі - екіден қол ұстасып бөлінеді және ішіне бір «тиінді» кіргізеді (артық қалған оқушы кетеді)
Ұйымдастыру Мұғалім сабақтың мақсаттарын хабарлайды.

Үй тапсырмасын тексеру
«Ұшақ ұшыру» стратегиясы
Оқушылар парақтан ұшақ жасап, оның бір қанатына үйде дайындаған сұрақты жазады, мұғалімнің рұқсатымен бір - біріне ұшырады, сұрақтарын оқып жауап береді.

Топқа бөлу «Жануарлар», «адамдар», «жемістер», «құстар» суреттері арқылы 4 топқа бөлу, топ басшыны, хатшыны тағайындау

«Миға шабуыл» стратегиясы
- Ауа деген не? (тақтаға топтастыру арқылы балалардың жауаптарын жазу)

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы «Топпен жұмыс»
1 - топ: «Жануарларға өмір сүру үшін ауа қажет пе? Неліктен?» сұрағына ақылдасып жауап беру
2 - топ: «Құстарға өмір сүру үшін ауа қажет пе? Неліктен?» сұрағына ақылдасып жауап беру
3 - топ: «Өсімдікке өмір сүру үшін ауа қажет пе? Неліктен?» сұрағына ақылдасып жауап беру
4 - топ: «Адамға өмір сүру үшін ауа қажет пе? Неліктен?» сұрағына ақылдасып жауап беру

Тәжірибе жасау «Зертхана» стратегиясы
Оқушылар топпен тәжірибе жасайды, парақшаларға қорытындыларын жазады, оқып береді.

5 - тәжірибе мұғалімнің көмегімен орындалады.

Сергіту сәті «Әрі ойын, әрі таным»
Қалташаны ауамен толтыр (үрле). Не байқадың? Қаламмен тес. Не болды? Қандай қорытынды жасауға болады?

Пысықтау «Өзіңді тексер» стратегиясы
Оқушылар кестеге V қойып толтырады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама