Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 24 минут бұрын)
Қазақстандықтарды мазалайтын автодозвондардан құтқарады

Енді Қазақстанда өткізіп алған қоңыраулар бойынша автодозвон функциясын қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Бұған дейін Мәжілістің пленарлық отырысында Аймағамбетов автодозвондар мәселесіне назар аударған болатын. Оның айтуынша, мұндай қоңыраулар жиі мазалайды, сондықтан депутаттар бұған дейін тыйым салуды ұсынған еді.

Автодозвон – бұл абонентке қоңырау шалу әрекетін автоматты түрде қайталайтын функция. Егер байланыс орнамаса немесе желі бос болмаса, жүйе белгілі бір уақыт аралығында нөмірді қайта-қайта тереді.

«Бұл біздің азаматтарымызды жиі мазалайтынын білесіздер. Біз автодозвонға тыйым салғымыз келеді. Бұл мәселені көтергенбіз. Бұйрық деңгейінде шешіледі деді, бірақ әзірге бұл шешілмеген», - деді Аймағамбетов Мәжілісте.

Сол кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев автодозвондар бойынша ұсынысты қарастыратынын айтты.

Жаңа ережелер

Депутаттың хабарлауынша, қазір байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Жаңа нормаларға сәйкес, өткізіп алған қоңыраулар туралы хабарламалар абоненттерге тек SMS хабарлама түрінде келетін болады.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салатын арнайы түзетулер қарастырылуда.

Жаңалықтар

Жарнама