tengrinews.kz
- 22 мам. 2026 08:00
- 22
Парсы шығанағы елдері Ормуз бұғазына қатысты мәлімдеме жасады
Парсы шығанағы елдері Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын реттеуге арналған арнайы басқарма құру туралы бастамасын мойындамайтынын хабарлады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Бұл елдердің халықаралық теңіз ұйымына жолдаған хатында: «Иран ұсынған бағытты бұғаздағы қозғалысты бақылау әрекеті ретінде қарастыру керек. Бұл бағытты және Иранның арнайы басқармасын мойындау қауіпті прецедент тудырады», - делінген.
Мәлімдемеде Иранның кемелер жүретін бағытты өз аумағында белгілеп, одан пайда табуға тырысатыны айтылған. Сондай-ақ, коммерциялық кемелердің бұл басқармамен байланыспауы және ұсынылған бағытты пайдаланбауы керектігі атап өтілді.
Бұған дейін Иран АҚШ-пен қақтығысқа байланысты 2,5 айдан астам уақыт бойы кеме қатынасы бұзылған Ормуз бұғазында кемелердің өтуін реттейтін арнайы құрылым құрылғанын мәлімдеген болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазын ашық ұстауға, өту ақысын алмауға және АҚШ-қа ирандық уран қорын беруге шақырған еді.