Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Автокредиттердің сұранысы азайды: Қазақстандықтар неге көлік алудан бас тартуда?

Қазақстан банктері биылғы бірінші тоқсанда автокредитке деген сұраныстың азайғанын байқады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сілтеме жасап, Tengri Auto хабарлады.

Бұл жағдайға автосалондардың несие шарттарын бұрынғыдай тиімді ұсынбайтындығы себеп болды. Сонымен қатар, жаңа көліктердің бағасы арзандағандықтан, кейбір сатып алушылар көлікті несиесіз немесе азырақ сомаға несие алып сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Нәтижесінде, автокредитке өтінімдер саны өткен тоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 1,2 миллионға жетті. Ал өтінімдердің орташа мөлшері 12 пайызға артып, 7,2 миллион теңгеге жетті.

2025 жылы автокредит берудің өсуі

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша автокредиттер берілген көлем бойынша ипотекамен теңескен болатын. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының деректеріне сәйкес, қазақстандықтар 2,4 триллион теңгеге автокредит рәсімдеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артық.

Бұған дейін Қазақстанда ипотека мен несиелер бойынша жаңа ережелер пайда болатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыздар: Қорқытып, несие рәсімдеген: Қазақстанда автокөлікке қатысты ірі схема анықталды.

Жаңалықтар

Жарнама