Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Айып төлеп келемін

Бір қария келе жатып, таныс бір жігітке кезігеді. Қария:

— Е, жігітім, жағаң жайлауда, майрағай да тайрағай, ерекше қуаныштысың ғой, қайдан келесің?

— Жиыннан келемін, қойымның елу пайызы егізден төлдеп, мал басы өскендіктен аудандағы озаттар жиынынан келемін.

— Жақсы болыпты, бақыт баянды болғай.

Қария екінші рет сол жігітке тағы да кезігіп қалып:

— Е, жігітім, солкінінің түсіп, көңілің жабырқаңқы ғой, қайдан келесің?

— Былтыр малым егізден төлдеп мал басы өсіп озат болып едім, биыл әйелім жоспардан тыс жүкті болып, айып төлеп келемін, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама