Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 32 минут бұрын)
Қасиетті қойдың майы

Күнгейбай деген шешен сөз тапқыш адам болған екен. Ол шариғатқа қатаңдығымен аты шыққан бір молдамен бір тойда дастархандас болыпты. Сөз кезегінде Күнекең:

— Молдеке, күнәға үш рет тәубе қылып, үш рет қайталаса, қайтер еді? — деп сөз тартыпты. Молда жұлып алғандай:

— Күнгейбай басыңмен соны да білмеймісің, кәпір болды! — депті. Күнекең беті қайтып қалған адам кейіптеніп үнсіз қалыпты.

Бір кезде табақ тартылып, Күнекең ет кескен екен, әуелі жол бойында жамбастың майлы басынан молдаға бір асатып жіберіп, сөзін қайта жалғап:

— Аллаға жалынып-жалбарынып енді қайталамасқа қасам ішіп көрсем, қайтер еді? — депті. Молда:

— Алланың мейірімі кең. Шын тілек қылса, кешірім қылуы да мүмкін, — деп майды жұтып жіберіпті. Сонда Күнкейбай:

— Ия, қасиетті қойдың майы, бүйте берсең, қара тасты да жібітерсің, — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама