Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Айна көрмеген тоғышарлар

Ашутасты бойындағы бір ауыл малдарын кезектесіп бағатын. Өз кезегінде мал жайып жүрген Қоңырбай кенет шыралжын етегінде жылтыраған бір зат көрді. Алып қарап еді, оның бетінен өзіндей бір жігіт көрінді. Не екенін біле алмады, қалтасына салды да, малын жайып жүре берді.

Қоңырбай малын жусатып, аз уақыт мызғып, тынығу үшін үйіне келді, шешінді де, төсегіне жата қалды. Осы кезде үйге әйелі Жаңыл келіп, оның ілулі тұрған шапанының қалтасынан манағы жылтыр затты алды. Оны тамашалап қарап еді, бейтаныс әдемі бір келіншек көрінді. Ыза кернеді, өз бойына өзі ие бола алмады, жылап жіберді. Қолына жылтыр затты алды да, жүгіре басып шешесінің үйіне барды. Жылтыр затты оның қолына ұстатты да:

— Мынаны қарашы! Қоңырбай бір сұлу тауыпты, мені тастап, соны алмақшы, — деп өксіп жылай берді.

Қарт ана жылтыр затты алып қарады. Қызы айтқандай сұлу келіншек емес, бетін әжім басқан, ұрты суалып, көзі шүңірейген кемпірді көрді.

— Балам! — деді ол Жаңылға. — Сен босқа жасыма. Қоңырбай сенен айырылып, мынадай сұмырайды ала қоймас, — дейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама