Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қамбашы Тоқсанбай

Сандық өзені бойында мекендейтін Бәкеней қарттың ортаншы ұлы Әбен ойыншы, әзіл сөзге, мысқылға шебер жігіт еді. Бірде ол өзімен көршілес елдегі Сүтемгенұлы Тоқсанбай дейтін замандасының бір «жаңалық» ісін айтып, күлдірді. Ол былай екен.

Қыстыгүні қояндар қар астынан жем алып жей алмайды да, үюлі маялардан шөп жеп, қоректенеді. Осы жайды пайдаланып, ауыл адамдары маялардың іргесіндей қалың қардан қамба қазады, шөп себелейді. Мұны жеуге келген қоян қамбаға түседі де, адамға жем болады.

Қамба қазып, қоян ұстау айласын Тоқсанбай да қолданады. Қамба қазылып біткеннен кейін, түскен қоян секіріп шығып кетпеуі үшін оның ішіне от жағып, қабырғаларын мұздату керек. Тосекең қолына құрғақ шөп-шалам алып, қамбаның ішіне түседі де, дереу от береді. Лапылдап жанған жалын өзінің киімдеріне тиіп, өлім қауіпін тудырады. Жаны ышқынған ащы айқайға сырттағы адамдар жиналып, қамбаны құлатады да, әбсетте лаулаған отты өшіреді. Сөйтіп, аңқау «қамбашы» Тоқсан байды ажалдан құтқарады.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама