- 31 қаң. 2020 00:00
- 219
Айрылысатын болған соң...
Қожанасыр әйелімен жанжалдасып ажырасатын болып, биге келіпті. Би Қожанасырға:
— Жұбайыңыздың аты-жөні кім еді? — деп сұрақ қойыпты.
Қожанасыр:
— Оны өзінен сұраңыз, аты-жөнін білмеймін! — депті.
— Бұныңыз қалай, бірнеше жыл отасып, бірге өмір сүріп, атын білмегеніңіз? — депті.
Оған Қожанасыр ашуланыңқырап:
— Айрылысатын болған соң атын білдім не, білмедім не? Әйтеуір бір биенің құлыны ғой, — дей салыпты.